Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі түркология ғылымына елеулі үлес қосып, көптеген шәкірттер тәрбиелеген құрметті ғалымның қазасына ортақтасып, туған-туыс, жақындарына көңіл айтады.
Семих Тезжан 1942 жылы Түркияның Мерсин аймағында дүниеге келген. Анкара университетінің Түрік тілі және әдебиеті бөлімінде білім алған. Негізгі зерттеу тақырыбы - көне түркі жазуы, оның ішінде көне ұйғыр жазбалары болды.
1964-2008 жылдары Германияда өмір сүрген ғалым түркітану саласында көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырған. 2008 жылы Түркияға қайта оралған профессор өмірінің соңына дейін Билькент университетінде дәріс оқыды.