Бұл туралы Мақат Садық Фейсбук парақшасында хабарлады.
«Ардагер журналист, жазушы, жақсы адам, әріптес, блогер Смағұл Рахымбек ағамыз ұзаққа созылған науқастан кейін қайтыс болды. Жаназасы 20 шілде күні сағат 11-де Астана қаласы, Күйші Дина көшесі, 38-үйде өтеді», - делінген жазбада.
Смағұл Рахымбек әр жылдары «ҚР Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ-ның бас редакторы, «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы Саяси Кеңесінің мүшесі болған. Ел өміріне қатысты елеулі ойларымен көптің есінде қалған Смағұл Рахымбек блогер ретінде де белгілі еді.