Жергілікті БАҚ 2 адамның жарақат алғаны туралы хабар таратқан. Олар қазіргі сәтте ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Қаскөй ізін жасырып үлгерген.
Еске сала кетейік, өткен түні Ыстанбұлда түнгі клубтағы қонақтарды ер адам көліктен оқ жаудырып, қырып салған болатын. Соңғы деректер бойынша, ол 39 адамды өлтіріп, 69-ын жаралаған екен. Әзірге ешбір лаңкестік ұйым бұл әрекетті өз мойнына алған жоқ.