Белгісіз адамдар Техас мектебінде оқ атты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз адамдар Техас штатындағы Алпайн мектебінде оқ атты. Бұл туралы CNN хабарлады.

Соңғы мәліметтер бойынша, атыс мектептің акт залында басталған. Бір адам -  болжаммен оқушы бала жарақаттанып, кейін ауруханада көз жұмды. Шабуылды екі адам жасаған, олар әлі құрықталған жоқ. Мектеп ғимараты қоршауға алынып, барлық 280 оқушы қауіпсіз жерге көшірілді. Кейбір мәліметтерге сәйкес, Алпайнның барлық мектептері жабылды, деп хабарлады Лента.ру.

Алпайн қаласы Техас штатының батысында орналасқан. Ол Брустер округінің орталығы. 2010 жылғы халық санағы бойынша Алпайнда 6 мыңға жуық адам тұрады.