Белгісіз біреу қайырымдылық жәшігіне салмағы келі тартатын сом алтын салып кеткен

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Беларустың Брест қаласында белгісіз біреу дүкендегі шіркеу құрылысы үшін қайырымдылық жәшігіне салмағы келі тартатын сом алтын салып кеткен, деп хабарлады Утро.ру агенттігі.

Дүкен күзетшісі жәшіктегі алтынды байқағанмен нағыз алтын болмас деп ойлаған. Алайда мұқият қарағанда Ұлттық банкінің таңбасын және алтынның шынайы екенін дәлелдейтін қасындағы сертификатты көрген.

Бейнебақылау камерасы сыйлық иесі отыздар шамасындағы жігіт екенін көрсеткен. Жәшікке садақасын сала отырып, ол «Күмбез үшін!» дегенді айтқан. Сом алтын 462 млн. беларус рубліне (55 мың доллардан астам) сатылды. Шіркеу попы Евгений Лихота бұл ақшаның едәуір бөлігі жаңа шіркеу құрылысы бойынша қарыздарды жабуға жұмсалатынын мәлім етті.