Оқиға Морено Валли қаласында болған. Жексенбі күні тұрғын үйге жиналып, өз мерекесін тойлап отырған үйге белгісіз біреу кіріп келіп, оқ атқан. Қонақта 50-60 адам болған, соның 7-не оқ тиіп, жараланған.
Болған жағдайға байланысты жергілікті тәртіп сақшыларының берген хабарламасында, онда ауыр жараланған ешкім жоқ екен, оқ тиген адамдардың барлығы тірі, оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.