Белгісіз біреу Мәскеудегі Словакия елшілігінде полицейге пышақ салды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қалалық полиция Мәскеу орталығында полицейге жасалған шабуылды растады, деп хабарлайды ТАСС.

Бүгін Мәскеу уақытымен 15:00-де Брест көшесіндегі 33 үйдің жанында астаналық полиция қызметкеріне шабуыл жасалды. Белгісіз ер адам полицейді өткір затпен жаралап, артынша оқиға орнынан ізін суытқан»,- деп хабарлады Мәскеу бойынша ІІМ Бас басқармасының баспасөз қызметі.

«Мәскеу полициясы қаскүнемді іздеу және ұстау бойынша тиісті шаралар кешенін жүргізіп жатыр»,- деп атап өтті ведомостводан.

Полиция қызметкері ауыр жағдайда ауруханаға түсті.

Бұдан бұрын құқық қорғау органындағы дереккөз агенттікке "пышақпен қаруланған белгісіз адамның Мәскеудегі Словакия елшілігі маңында полицейге шабуыл жасағандығын" хабарлаған болатын.