Белгісіз біреу Шымкент теміржол вокзалына жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте белгісіз біреу полицияға теміржол вокзалына бомба қойылғаны туралы хабар берген.

Қоңырау ОҚО ІІД жедел басқару бөліміне шамамен сағат 16.30-да келіп түскен. Теміржол бекетіне аймақтың арнайы қызметінің өкілдері мен құтқарушылар тобы, «жедел жәрдем» дәрігерлері аттанған.

Теміржол қызметкерлері, келушілерді қарсы алушылар мен жол жүретін жолаушылар ғимараттан шығарылды. Жарылғыш затты іздестіру жұмыстары жүргізілуде.