Белгісіз біреу Токио метросында адамдарға қышқыл шашқан

ТОКИО. ҚазАқпарат - Белгісіз біреу Жапония астанасындағы метро станцияларының біріне күкірт қышқылын шашып жіберген, салдарынан бір адам ауыр жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Арам ойлының Широканэ-Таканава станциясында өзге біреудің бетіне қышқыл шашып жіберіп, оқиға орнынан ізін суытқаны айтылады. Күйік шалған адам ауруханаға жатқызылды.

Тағы бір әйел төгілген сұйықтыққа тайып кетіп, жарақат алды.

Қазіргі уақытта Токио полициясы қашып кеткен қылмыскерді іздестіруде.