Белгісіз біреу түрмеге граната лақтырған: 20-дан астам тұтқын қашып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Конго демократиялық Республикасында белгісіз біреу түрме ғимаратына граната лақтырды.

Салдарынан бір адам қаза тапты. Ол түзеу мекемесіне келуші болып шықты, деп хабарлайды Reuters.

Бұдан басқа 20-дан астам тұтқын түрмеден қашып кеткен. Қазір оларға іздеу жарияланды.

Оқиға орнында полиция  келеңсіз жағдайдың себеп-салдарын  анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.