Белгісіз біреу үш адамды жаралап, ұшақты айдап әкетуге тырысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сиэтлден Бейжіңде бағыт алған рейсте жолаушы ұшқыштар кабинасына өтуге талпынды.

Сонымен қатар ол үш адамды - екі жолаушы мен бір экипаж мүшесін жаралады. Оқиға DELTA әуе компаниясының Boeing 767 жолаушылар авиалайнері ұша салысымен болды. Тәртіп бұзушы дер кезінде ұсталды. Ұшақ Вашингтон штатындағы аэродромға қайта оралды. Қаскүнем Сиэтла әуежайындағы полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Жолаушылар белгіленген пунктке осы рейспен тек сәл кешіктіріліп жеткізіледі.