Жүк елдің батысындағы Крефельд (Солтүстік Рейн - Вестфалия федералдық жері) қаласындағы қоймада болған. Куәгерлердің айтуынша, ұрылар көлігі шамамен Крефельдке жақын орналасқан Дуйсбург қаласы бағытына қарай жол тартқан.
Полицияның хабарлауынша, қойма маңында күдік тудыратын жайттар өткен бейсенбіде байқалған. Алайда ұрланғаны туралы дүйсенбі күні ғана ресми хабарланды.