Агенттіктің мәліметінше, дәл қазір бәз біреулер жүздеген биткоиндарды талап етіп жатқан көрінеді. Оны орындамаған жағдайда әуежайдың навигациялық жүйесіне залал келтіретіндіктерін айтып, қоқан-лоққы көрсеткен. Алайда нақты сомасы аталмаған. Белгісіз адамдар әуежай басшылығымен электрондық хат арқылы байланысқа шыққан.
Әуежайдың баспасөз қызметі агенттікке мәлім еткендей, анонимдік түрдегі бопсалаулар келіп түскен жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз етудің стандарттық шаралары қарастырылған.
«Бұл - айтарлықтай ерекше жағдай емес. Әуежайдың жұмысына еш қауіп төніп тұрған жоқ», - деді баспасөз қызметінделілер.