Белгісіз біреулер Павлодардағы шіркеуге өрт қоймақ болды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардағы Благовещенск кафедралды шіркеуінің есігіне белгісіз біреулер өрт қоймақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шамамен түнгі 01-30-дар шамасында Благовещенск кафедралды шіркеуінің бірінші қабатында электр жарығы сөніп қалып, қарауыл электр жүйесін жөндеушілерді шақырған. Олар келген соң бүкіл шіркеудегі жарықты сөндірген. Сондықтан шіркеуде жүргендердің барлығы ұялы телефондарының жарығын пайдаланды»,-дейді шіркеу қызметкері Алексей Степанов.

Оның сөзінше, шамамен түнгі 01-00-дер шамасында қарауыл аймақты бақылап шыққан. Ол кезде ештеңе болмаған. Ал таң ата белгісіз біреудің кіреберіс есіктің астына қағаз тығып, оны жандырмақ болғандығы белгілі болды.

Темір есік күйеден бірмаша қарайғанымен, есікке айтарлықтай зиян келмеген. Оны кім істегені белгісіз. Таң ата және кешкісін шіркеудің бейнебақылау жүйесі жұмыс істемеді, өйткені жарық жоқ болған.

«Меніңше, екі факті бір-бірімен байланысты емес. Бұл кездейсоқ жағдай болар деген ойдамын. Полиция келіп, хаттама толтырды. Жарық шіркеуде таңғы ата сағат 9-00-дерге таман пайда болды. Бұны кім не үшін істеген белгісіз. Шамасы біреулер біз дайындалып жатқан мерекенің шырқын бұзбақ болған шығар»,-дейді Алексей әкей.