17:38, 14 Сәуір 2009
Белгісіз қоңырау соғылуы себебінен Астана қалалық емханасынан 470 адам көшірілді
АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат – Бүгін елордадағы қалалық №3 емханада жарылғыш зат қойылды деген хабардың себебінен одан 470 адам көшірілді, оның 210-сы медицина қызметкерлері, 350-і – дәрігерге қаралуға келгендер,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бүгін сағат 11-де ІІД-нің жедел басқару орталығына ұялы телефон арқылы бомба қойылғаны туралы белгісіз қоңырау шалынды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жарылғыш құрылғы табылған жоқ.