Франкен әлеуметтік желідегі хабарламасында Қорғаныс министрлігінің мини-дрондарды сатып алу жоспарын «тарихи» деп атады.
— Қорғаныс жүйесін өткен соғыстарға емес, болашақ соғыстарға дайындап жатырмыз, — деді Франкен, мини-дрондарды 140,8 млн еуроға сатып алатынын хабарлап.
Бельгиядағы БАҚ деректеріне сәйкес, мини-дрондар НАТО-ның Қолдау және жабдықтау агенттігі (NSPA) арқылы сатып алынады, ал 140,8 млн еуро сатып алу, техникалық қызмет көрсету және техникалық мамандарды оқытуды қамтиды.
Мини-дрондар барлау және бақылау мақсатында қолданылатын болады және Румыния мен Литвадағы бельгиялық әскерлерді қолдау үшін пайдаланылады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Бельгияда премьерге қарсы лаңкестік әрекет жоспарлаған үш күдікті ұсталды.