Бельгияда аты аңызға айналған «Spa Classic 2026» автожарысы өтіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Бельгияның Circuit de Spa-Francorchamps стадионында осы демалыс күндері мотоспорт әлеміндегі айтулы оқиға Spa Classic 2026 өтеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі .

Фото: Kazinform / Арнур Рахимбеков

Еуропадағы ең күрделі жарыс трассаларының бірінде өткен дәуірдің аңызға айналған автокөліктерінің мотор үні естіліп жатыр. Биыл фестиваль 14-рет ұйымдастырылып, классикалық автоспорттың мыңдаған жанкүйерін жинады.

Ұзындығы 7 шақырымнан асатын трасса ашық аспан астындағы нағыз музейге айналды. Мұнда Porsche, Ferrari, Jaguar, Lola, Chevron және басқа да маркалардың сирек кездесетін көліктерін көруге болады.

Фото: Kazinform / Арнур Рахимбеков

Сенбі күні көрермендер бай жарыс бағдарламасын тамашалады. Олардың қатарында 1980–1990 жылдардағы аңызға айналған прототиптер қатысқан «Group C Racing», төзімділікке арналған Classic Endurance Racing, Endurance Racing Legends, Sixties’ Endurance, Heritage Touring Cup жарыстары, сондай-ақ жаңа «GT3 Revival Series» сериясы болды.

Фото: Kazinform / Арнур Рахимбеков

Іс-шараның басты ерекшеліктерінің бірі дәстүрлі түрде түнгі жарыстар саналады.

Фото: Kazinform / Арнур Рахимбеков

Spa Classic жарысы кәсіби автошабандоздарымен қатар танымал әуесқой жүргізушілерді де тартады. Келушілер ескі көлік моторының гүрілі, жанармай иісі мен Бельгиядағы Арденн тауларының көркем табиғаты үйлескен ерекше атмосфераны атап өтті.

Айта кетейік, қазақстандық шабандоз халқаралық автожарыстың чемпионы атанды.