Бұл туралы сейсенбі күні RTBF телеарнасы хабарлады.
Телеарнаның ақпараты бойынша, патруль полиция экипажынан сытылып кетпек болған жалған нөмірлі фургонды тоқтатпаққа әрекеттенген. Ал фургонның жолын өзге жасақ бөгеген сәтте бұзақылар полиция көлігін соғып өтпек болған.
Бұдан кейін тәртіп сақшыларына жүргізушіні атуға тура келді.
Үш жеріне оқ тиген жүргізуші ауруханаға жатқызылды, ал оның қасындағы жолаушы ұсталды. Екеуінің де бұрын қылмыс жасағандықтары анықталды.