Оқиға жергілікті уақыт бойынша сейсенбі күні шамамен сағат 08:15–те (Гринвич бойынша 06:15) теміржол өткелінде болған. Апат салдарынан Дендермонде мен Лондерзеел арасындағы теміржол қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Алдын ала мәлімет бойынша автобуста арнайы орта мектептің 7 оқушысы, тәрбиеші мен жүргізуші болған.
Бельгияның көлік министрі Жан-Люк Крюктің айтуынша, апаттан екі жасөспірім, жүргізуші және тәрбиеші көз жұмған.
Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, былтыр Қызылордада қараусыз теміржол өткелінде жүк көлігі пойызбен соқтығысқан болатын.