Басылымда Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және Байқоңыр жеке туристік бағыттар ретінде ұсынылған.
Журнал материалында әр қала өзіндік тарихы мен ерекшелігі бар дербес бағыт ретінде сипатталған. Алматы Іле Алатауының баурайында орналасқан, заманауи сәулет пен табиғи ландшафт үйлесім тапқан мегаполис ретінде көрсетілген.
Мақалада Республика алаңы мен Тәуелсіздік монументі, Вознесенск кафедралы шіркеуі, Көктөбе, сондай-ақ испан мүсіншісі Жауме Пленсаның «Надэс» мүсіні аталған.
Түсірілім жұмыстары 2025 жылдың жазында Almaty Tourism Bureau қолдауымен жүргізілген.
Айта кетейік, Қазақстанның туристік маусымы наурызда өтетін екі маңызды іс-шарамен ашылады.