Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында құрметті қонақ болған корольдік отбасы асыл тұқымды арғымақтарды да тамашалады.
Король мен Патшайымға бапкерлер сәйгүліктердің шығу тегі, күтімі туралы әңгімелеп, қазақ халқының ұлттық ойындарынан шағын көрініс қойды.
Осыған дейін Президенттің Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барғаны туралы жаздық.
Сондай-ақ олар Ұлттық музейге барды.