Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп және Патшайым Матильда«Қазақстан-Бельгия» іскерлік кеңесінің 4-отырысына және екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумына, сондай-ақ басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.
Сапар қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылады.
Қазақстан Бельгияға зығыр жеткізілімін айтарлықтай арттырды, бұл осы өнім экспортының негізгі бағытына айналды. Тараптар сауда көлемінің өсуі аясында шикізат жеткізуден озық өңдеуге көшуді және Қазақстанда бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін талқылау үстінде екенін жазған едік.