Елорда әкімдігінің ресми сайтында мәлім етілгендей, қос ел астаналарының басшылары екіжақты қарым-қатынасты кең көлемде дамытуға және бекітуге келісті. Сондай-ақ Қазақстан және Сербия елдері астаналарының арасында комюникеге қол қойып, достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға уағдаласты.
Бұдан бөлек, сауда-экономика саласын, гуманитарлық және ғылыми білім беру ынтымақтастығын дамыту мәселесі көтерілді.
Астана мен Белград қаласының басшылары екі астананың атқарушы органдары арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіру мақсатында бірлескен жұмыс тобын құру және оның тұрақты, тиімді қызметін қамтамасыз етуді талқылады.