Белградта Титоның жесірін жерлеу кезінде ордендері қолды болды

АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Белградта социалистік Югославияның көсемі Иосип Броз Тито Йованкидің жесірін жерлеу кезінде оның бес ордені ұрланды.

Қоштасу рәсімінде табыттың алдындағы барқыт жастыққа Йованки Броздың ордендері қойылған болатын. Соңынан құрметті қарауыл өкілі марапаттарды мавзолейге алып кеткен. Тағы бір сағаттан кейін кесене барлық тілек білдірушілер үшін ашылды. Кейінірек Йованкидің отбасы Югославия тарихы мұражайына марапаттарды қайтарып алу үшн барған. Алайда оларға ордендердің қолды болғаны жайлы айтылды, деп хабарлады «Новости» РАА.