АСТАНА. KAZINFORM – Сербияның Белград қаласында бокстан ересектер арасында өтетін «Белград жеңімпазы» атты халықаралық турнирде ел намысын қорғайтын боксшыларымыздың есімдері белгілі болды.
ҚР Бокс федерациясы мәлім еткендей, «Белград жеңімпаздары» турнирі 12-18 наурыз аралығында өтеді.
Аталған турнирде ел намысын қорғайтын былғары қолғап шеберлері:
48 келі: Ернұр Қайрат
51 келі: Санжар Тәшкенбай
54 келі: Дәулет Молдашев
57 келі: Оразбек Асылқұлов
60 келі: Жексен Бийбарс
63,5 келі: Ерасыл Таңқай
67 келі: Дулат Бекбауов
71 келі: Сабыржан Аққалықов
75 келі: Диас Молжігітов
80 келі: Ерасыл Жақпеков
86 келі: Темірлан Мұқатаев
92 келі: Данияр Рахымбердиев
92 келі: Дамир Тойбай
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.