Оқиға бүгін, 10 қыркүйек сағат 16.00 шамасында болған. «102» телефонына Бұқар Жырау даңғылындағы «Каспий банк» бөлімшесінде белгісіз біреу чемодан қалдырып кеткендігі туралы қоңырау келіп түскен.
«Қарағанды облысы Полицыя департаментінің жедел кезекшісі оқиға орынына барлық төтенше қызмет жұмылдырылды. Ғимараттан шамамен 200 адам эвакуацияланды», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері чемоданды тексеріп, ішінде жеке заттар болғанын анықтады.
Бұған дейін Қарағанды облысында білім саласында 3 мың заң бұзушылық анықталғанын жазған болатынбыз.