АСТАНА. 24 шілде. ҚазАқпарат - Белоруссияда көлікті мас күйінде жүргізгендердің автомобильдерін тәркілейтін болады. Атап айтқанда сейсенбіде бұл елдің Президенті Александр Лукашенко қол қойған Заңның талаптары бір жылдың ішінде көлік мас күйінде басқарғаны үшін екі мәрте ұсталғандарға қатысты болып отыр.
ВВС-дің жазуынша, заңнама нормасы республикаға жеке көлігімен барған ресейлік азаматтарға да бірдей таралады екен. Автокөліктерді тәркілеу туралы тәртіп үш айдан кейін күшіне енеді.
Сонымен қатар заң аясында көлікті мас күйінде жүргізгендерге айыппұл көлемі де артты. Екі және одан да көп адам қаза болған жол-көлік оқиғасына кінәліні бостандықтан айырудың мерзімі де үш еседен артық уақытқа, яғни 10 жылға дейін ұзартылды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.