Белоруссияда Украинаға жүретін пойыздарға теміржол билеттерін сату тоқтатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белоруссия теміржол қызметі Украинаға жол тартатын поездарға билеттердің сатылмайтыны туралы хабарлады, деп жазады РБК.

«Украинаның теміржол көлігі Мемлекеттік әкімшілігінің мәлімдеуінше, халықаралық пойыздар қозғалысының кестесіне түзетулер енгізу және Қырымға барар жолда қосымша аялдамалар қосу қажеттілігіне байланысты ағымдағы жылдың 27 мамырынан бастап аталмыш бағытта жүретін Белоруссия теміржол пойыздарында жол жүру билеттерін сату уақытша тоқтатылады», - делінген хабарламада.

Қазір аталмыш елдің теміржол қызметінің басшылығы теміржол әкімшілігімен бірлесе отырып, халықаралық пойыздардың қозғалыс кестесін келісісуде. Украина аумағында жүретін пойыздарға билеттердің қайта сатыла бастауы туралы қосымша хабарланатын болады, деп мәлім етті Белоруссия теміржол қызметкерлері.