Белоруссиядан Су-27 ұшақтары жеткізілді - ҚР ҚМ
14:08, 27 Желтоқсан 2013
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жетіген авиациялық базасында Беларусь Республикасының Барановичи қаласынан Қазақстанның Әскери-әуе күштері үшін жеткізілген Су-27 ұшақтарын қабылдау рәсімі болды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Іс-шараға Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов қатысты.
Атап айтқанда, Қазақстанның Әскери-әуе күштері шапшаңдығы дыбыс жылдамығынан жоғары ұшатын күрделі жөндеуден өткен «Су» тобының 4 жойғыш ұшағын қабылдап алды. Ұшақтар Алматы облысындағы Жетіген әуеайлағына келіп жетті. Су-27 - Қазақстан армиясының сапындағы негізгі көп функциялы ұшақ.
Әскери-әуе күштеріне күрделі жөндеуден кейін жеткізілген Су-27 ұшақтары Отанымыздың әуе кеңістігін сенімді қорғауға мүмкіндік береді.