"Біздің Белорустағы қарақұмықпен үнемі қамтушыларымыз Белорусь үкіметі тарапынан елеулі шектеу қойылуына байланысты аталған өнімді жеткізуден бас тартып отыр. Бізге қазіргі Кедендік Одаққа бірігіп отырған кездегі бірден шектеу қойылуы түсініксіз, деген Хасистің таңданысты сөзін келтіреді "Интерфакс".
Ал Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев «бұл құқықтық емес, медициналық шектеу қою», деп мәлімдеді. Әрі Кедендік Одақты басқарушы бірінші вице- премьер Игорь Шуваловқа «әріптестермен мәселені жан-жақты талқылауға» тапсырма берді. "Мен түсінемін, жанды ауыртатын үлкен қиындықтар кездесіп отыр. Алайда, біз бір одақтағы бауырлас мемлекет емеспіз бе? Одан қайда қашып құтылуға болады?», - деді Дмитрий Медведев.