Белосохов мемориалы: астаналық «Барыс» командасы «Сібір» хоккей клубын жеңді

АСТАНА. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат - Новосібірде атақты хоккей клубтарының басын қосып отырған Белосохов атындағы мемориал басталды.

Қазақстандық «Барыс» командасы    овертаймда   турнир иелері -  новосібірлік «Сібір»   хоккейшілерін   5:4  есебімен жеңді,   деп      хабарлайды  ҚазАқпарат «Барыс»  жанкүйерлерінің сайтына  сілтеме  жасап. 

Шайба авторлары - Максим  Спиридонов, Йозеф Штумпел  және команда капитаны Кевин Даллмэн.