Белсенді дене еңбегі қылтамақ ауруына шалдығу қаупін қысқартады

None
АСТАНА. 16 қазан. Қазақпарат - Белсенді дене еңбегі асқазан ісік ауруына шалдығу қаупін, әсіресе аденокарциномның (аурудың ең көп тараған түрі) болуын қысқартады. Майо емханасы қызметкерлерінің тұжырымы метаталдау нәтижелеріне негізделіп жасалған, деп жазады Science Daily.

Жұмыстың авторы Сиддхартха Сингхтың сөзі бойынша белсенді дене қимылымен шұғылданған 4 адамға жүргізілген метаталдау олардағы ісік ауыруына шалдығу қауіпінің 32%-ға төмендегенін көрсетті. Мұндай көрсеткіш спорт алаңдарынан алшақ жүрген адамдардан байқалмаған.

«Адамның артық салмақ жинауы инсулин деңгейінің көтеріліп, асқазан ісік ауруларына шалдығу қауіпінің өсуіне байланысты», - дейді С.Сингх.

Ерлер арасында таралуы жағынан қылтамақ алтыншы орында, ауру анықталғаннан кейін адам 5 жылға дейін өмір сүре алады (бұл аурулардың 15%-ы), бірақ көпшілігі бір жылдың ішінде бақилық болады.

Автордың пікірінше, әзірге тек физикалық еңбек қылтамақтың қауіпін сейілтті деп нақты айту қиын, мүмкін физикалық жағынан белсенді адамдар уақытында дәрігерге қаралып, ауруды ертерек анықтап жатады, бұл әрине емдеуге де жеңілдік туғызатындығы сөзсіз.

Ғалымдардың зерттеулері Сан-Диегода жыл сайын өтетін 78-ші халықаралық ғылыми кездесу кезінде жарияланды.