«БелТА» бас директоры: ҚазАқпарат - қуатты заманауи медиақұрылым

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь телеграф агенттігінің (БелТА) бас директоры Дмитрий Жук «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі ұжымын 95 жылдығымен құттықтады.

«Елмен бірге орасан зор өмір мектебінен өткен «ҚазАқпарат» ХАА қарымды заманауи медиақұрылымға айналды. Қызметкерлерінің бай тәжірибесі, жоғары кәсібилігі, жаңа жұмыс тәсілін пайдалана білуі агенттікке Қазақстанның негізгі жаршысының бірі ретінде әрекет ету құқығына, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуға жол ашады», делінген құттықтау хатта. «БелТА» бас директоры агенттік ұжымына жарқын да қызықты жобаларды жүзеге асыруда табысқа жете беруді және мықты денсаулық тіледі.