Белжайлаудың төрінде малшылар мерекесі өтті – Алматы облысы

Фото: None
ЖАРКЕНТ. ҚазАқпарат –Алматы облысының жазиралы Жаркент жеріндегі ең көрікті жайлау – «Белжайлаудың» төрінде Панфилов ауданындағы мал шаруашылығы еңбеккерлерінің мерекесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір ауданбойынша 22 мың жылқы, 90 мың ірі қара, 402 мың қой-ешкі, 316 түйе, 257 шошқа,94 мың құс өсірілуде. Бұл – әрине, ең алдымен малшы қауымының еселі еңбегініңнәтижесі. Сонымен қатар үкімет тарапынан жүзеге асырылып жатқан бағдарламалараясында несие жолымен мал сатып алып, игілігін көріп жатқан малшылар да аземес. Аудандағы бірнеше жеке шаруалық қожалық биыл «Сыбаға» бағдарламасыбойынша 105 миллион теңгеге - 191 ірі қара, 42 миллион теңгеге - 1565 ұсақ малсатып алуға несие рәсімдеді. Мал шаруашылығының өнімділігін және оның сапасынарттыруды субсидиялау бойынша 41 шаруа қожалығы 37 миллион 767 мың теңге алды.

Жалпы,жылдың төрт мезгілінде де уақытпен есептеспей еңбек етіп, ел байлығын еселеп арттыруғасүбелі үлес қосып жүрген мал шаруашылығы еңбеккерлерінің қажырлы қарекеті қашанда құрметтеуге лайық. Осыны ескере отырып,аудан әкімдігі арнайы салтанаттымерекелік шара өткізуді жоспарлаған болатын. Және оны тікелей малшылар шоғырланған тау төріндеөткізу ұйғарылған. Осыған орай, жап-жасылкөгал үстіне аудандағы 14 ауылдық округ ақшаңқанкиіз үйлер тікті. Дәл ортасынақызылды-жасылды етіп әсем безендірілген сахна орналастырылып, күн сайын төрттүліктің үнінжаңғыртатын таулы өңір аспанын әсем ән мен тәтті күй кернеді.

Жиналысты ауданәкімі Темірлан Бектасов ашты. «Мұндай шара өткізу бұрын да дәстүрде болғанекен. Бірақ, әралуан себептермен он жылдан бері тоқтап қалған. Біз малшаруашылығы еңбеккерлерінің тауқыметке толы еңбегін әрқашан жоғары бағалаймыз. Сондықтанолардың еңбегін ескеріп, әдейі жайлауда осындай мереке ұйымдастырып беруді жөн көрдік»,- дей келе, озат малшыларға Алматыоблысының әкімі Амандық Баталовтың, облыстық ауыл шаруашылығы департаментініңжәне аудан әкімінің грамоталары мен Алғыс хаттарын, тағы да басқасый-сияпаттарын тапсырды.

Мереке соңында ауданөнерпаздары үлкен концерт көрсетті. Қыз қуу, аударыспақ сынды ұлттық спорт ойындарынан жарыс өтті.


Соңғы жаңалықтар