Оның сөзіне қарағанда, соңғы 5 жылда бен Ладен Абботтабадтағы отбасымен өмір сүрген. Арнайы операция кезінде ол аяғынан жарақат алған болатын, деп жазады РСН.
Жесірдің ақпараты бойынша, «Әл-Каиданың» бұрынғы көсемі Ауғанстаннан 2003 жылы кеткен. Ол сол кезде Пәкістанға қоныс аударады. Соңғы хабарлама Пәкістан қауiпсiздiк аппаратының өкiлдерi ислам экстремистерiмен сыбайлас болған деген күдiкті күшейтедi.