Бен Ладеннің көзін жойған америкалық әскерилердің бірі оның суретін заңсыз сақтап келген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Усама бен Ладенді өлтірген АҚШ-тың арнайы әскери күшінің қызметкері Мэтт Биссоннетт лаңкестің мәйіті бейнеленген фотоны рұқсатсыз сақтап келген, деп жазады америкалық БАҚ.

Әскери құпия саналатын ақпаратты заңсыз сақтағаны үшін бұрынғы әскериге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Отставкаға кеткен арнайы қызметкер тергеушілерге компьютер жадысын өз еркімен тапсырған. Алайда ол құпия ақпаратқа заңсыз ие болғаны үшін өзін жауапкершілікке тартпауды талап етіп отыр», - деп атап өткен басылым.

2012 жылы Биссоннеттың «Ауыр күн» атты кітабы жарыққа шыққан. Шығармада ол Марк Оуэн лақап атымен Бен Ладеннің көзін жойған операция туралы баяндайды.