Америкалық танымал боксшы Дэвид Бенавидес мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альвареске қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуді ұсынды.
Ол бұл айқас ұйымдастырылса өте тартысты кездесу болатынын айтты. Алайда Бенавидес жекпе-жектің өтетініне күмән келтіріп отыр.
– «Канелоның» қатысуымен мен көргім келетін жалғыз жекпе-жек – ол Жәнібекке қарсы айқас. Бұл керемет кездесу болар еді. Бірақ мұның жүзеге асатынына күмәнім бар, - деді Бенавидес Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» біріктіруші жекпе-жек өткізетін уақытын атаған еді.