Кездесуде қазақстандық құраманың шабуылшысы Александр Насонов қарсылас қақпасына бес гол соқты. Әлем чемпионаты. Хабаровск (Ресей). 3-ші орын үшін бәсеке. Финляндия - Қазақстан 6:8 (5:4) Голдар: Лаакконен, 4, 29, 78. Кумпуойя, 34. Луккарила, 38. Хауска, 41 - Почкунов, 17, 33, 90. Насонов, 19, 25, 54, 63, 79.
22:37, 03 Сәуір 2015
Бендиден Қазақстан құрамасы Ресейде өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Хабаровск қаласында өткен әлем чемпионатында қола алқа үшін Финляндия командасымен бәсекелесіп, жеңіске жетті, деп хабарлады sports.kz.