Бенни Лира: Головкин 4-5 раундта Лемьені сұлатып салады

АСТАНА. ҚазАқпарат - GGG командасының өкілі Бенни Лира жақын арада болатын Геннадий Головкин мен Давид Лемьенің жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарланды ВКонтакте желісіндегі GGG ресми парақшасында.

«Головкин сияқты Лемье де нокаутқа түсіретіндей соққы жасай алады деп ойлаймын. Дегенмен Головкин күші жағынан Лемьеден басым, оның тәжірибесі де көбірек. Айқас небәрі 4-5 раундта аяқталады деп ойлаймын», - деді Лира.