Бенну астероиды Жерге құлауы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - NASA АҚШ-тағы Канаверал мүйісінен OSIRIS-REx ғарыш аппараты ұшырылды, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Ол екі жылдан кейін Бенну астероидына жетіп, оның бетінен топырақ жинауы тиіс. 2023 жылы оралатын зонд тарихта алғаш рет астероид үлгісін Жерге жеткізеді.

Ғалымдар оның көмегімен Жер бетінде тіршіліктің қалай пайда болғаны туралы көбірек мәлімет жинауға үмітті. Астероидтар деп Күнді айналып жүретін шағын ғарыш денелерін айтады.

Ғалымдар Бенну астероидын 2013 жылы ашқан. Мамандар оны Жер үшін ғарыштағы ең үлкен қауіп деп танып отыр. Себебі XXII ғасырдың аяғында бұл астероид Жерге құлауы мүмкін. Астероид құрамын зерттеу арқылы кейінге ұрпаққа осы қатерден қалай сақтану керектігін білуге болады. Жобаға 800 миллион доллар қаржы жұмсалған.