Бентли көлігімен шекараны заңсыз кесіп өткендер Ақтөбеде ұсталды

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Шекараны заңсыз кесіп өткен ресейлік нөмірлі «Бентли Континенталь GT» көлігінің иесі қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 4 тамыз күні тіркелген. ҰҚК 2030 әскери бөлімі Әйтеке би аудандық кезекші бөліміне хабарласып, далалықта шекараны кесіп өткендер туралы ақпарат береді.
«Әйтеке би ауданының Жамбыл бекеті маңындағы далалық жолда ресейлік нөмірлі »Бентли Континенталь GT« көлігінің иесі шекараны заңсыз кесіп өткен. Полиция қызметкерлері көлікті »Қарабұтақ-Қостанай« тас жолында ұстады. Олар Әйтеке би ауданының Комсомол ауылынан 35 шақырым қашықтықта қолға түсті. Ресейдің Орынбор облысына көлік иесін анықтау үшін сұраныс жіберілді. Тергеу жүріп жатыр», - деді облыстық ДП баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.