Бензин 10 пайызға қымбаттауы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бензиннің бағасы 10 пайызға көтерілуі мүмкін, деп пайымдайды ресейлік вице-премьер Аркадий Дворкович.

Бул туралы Утро.ру. хабарлады.

«Жыл басында 2014 жылы бензинге баға инфляцияға қарағанда, сәл жоғары көтеріледі деп болжанды. Ал инфляция 6 пайыз деңгейінде болады деп күтілді. Бензинге баға шамамен 7-8 пайызға өседі деп пайымдадық. Инфляция қазір 9 пайыздан асты, бензин мен дизель отынына баға артық-кемі жоқ инфляциямен тең деңгейде өскен. Келесі жылға болжамымыз да осыған саяды: бензинге ақылға қонымды баға шамамен он пайыз деп күтілуде, бағамдық өзгерістерге байланысты сәл өсуі де мүмкін», - деді Дворкович. Оның айтуынша, үкімет бензинге бағаның өсу қарқынын төмендету үшін салық маневрін алып тастауға ниет танытып отырған жоқ.