- Бірінші қадамда баға 210 теңгеге дейін қымбаттайды деп бағдарлап отырмыз. Әрі қарай неше қадам жасайтынымызды нарық реттеуі керек. Біздің міндет бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету болады.
Біз соншалықты бір күйрететіндей өзгеріс күтіп отырған жоқпыз. Бұған дейін бензин бағасы 400 теңгеге дейін барады екен деген ойланбастан айтылған мәліметтер тарады. Ондай өсуге жол бермейміз, - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Еске салсақ, үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін ақпан айынан бастап бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы өсетіні мәлім болған еді.