Бензин бағасы бір айдың ішінде өсуі мүмкін - ҚазМұнайГаз Өнімдері
«Бір айдың ішінде өсуі мүмкін, яғни біз импортты өнімді ала бастаған кезде жоғарылауы ықтимал»,-деді ол.
Сонымен қатар «ҚазМұнайГаз Өнімдері» өкілі бірнеше күнде бензинді талонмен беру мәселесіне қатысты жағдай шешімін табатынын атап өтті. Осының алдында ол ҚМГ жанар-жағармай құю стансаларында бензин не себепті талонмен беріліп жатқанын айтқан еді.
«Үлгере алмай жатқан өңірлерде отын талонмен беріліп жатыр. Атырау мұнай өңдеу зауыты жақында жұмысын бастап, тиісті режімге шықты және қазіргі кезде 8 мың тоннағы жуық отын Қазақстанның барша өңірлеріне бағытталды. Атап айтқанда, бұл шектеу кейбір өңірлерде орын алып отыр»,-деді Мырзағалиев.
Оның сөзіне қарағанда, алдағы импортты (Ресейден) ескере отырып, АИ-92 бензинінің литрі 155-157 теңге болуы мүмкін.