«Бензин мен дизель отыны қорын егіс маусымына дейін қалыптастырдық және импорттау қажет болатын көлемді қосымша анықтадық. Биыл бұл көлем Ресей Федерациясымен екіжақты қарым-қатынас аясында шамамен 850 мың тонна деп бекітілді», - деді Болат Ақшолақов Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына берген жауабында.
Сондай-ақ, Энергетика министрі бензин бағасы көтеріле ме деген сұраққа жауап берді.
«Бензин бағасының өсімі күтіліп отырған жоқ», - деп жауап берді Б. Ақшолақов.
Бұған дейін министр Қазақстанның сәуір айында Германияға тағы 20 мың тонна мұнай жөнелтетінін айтқан еді.