Бензин тасымалдаушы көлік жарылысы: Қаза тапқандар саны 89-ға жетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Танзанияда бензин тасымалдаушы көлік жарылып, 89 адамның өмірі қиылды. Бұл туралы жергілікті The Citizen газеті жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  1. Басылымның жазуынша, тағы 25 адам ауруханадажатыр. Олардың тоғызын қаттыкүйік шалған.

    Айта кетсек, 10 тамыз күні Морогоро қаласында бензинтасымалдайтын көлік аударылып, әкеле жатқан жанармайының барлығы төгілген де,артынша өртеніп кеткен. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, сол маңға жиналғандардыңбірі тартқан темекінің шоғы түсіп, от тұтанған.


Соңғы жаңалықтар