Бензовоз жолаушылар автобусын жаншып кетті, 19 адам қаза тапты

АСТАНА. Шілденің 24-і. ҚазАқпарат - РФ Ростов облысында бүгін жан түршігерлік оқиға орын алды: «Мерседес» автобуcы мен «КамАЗ» бензовозы бетпе-бет соқтығысты. Оқиға жол сақшыларының бекетінен 2 шақырым жерде, Самар селосының жанында болған,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

19 адам қаза тапты, ондаған адам жарақаттанды. Апат орнына Ростовтан, Батайдан, Самар селосынан және Азов ауданынан «жедел жәрдем» мен өртсөндірушілер шықты.

Дондағы Ростовтан 60 шақырым жерде орын алған апатқа «КамАЗ» жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін деп топшылануда.