Берденовке қоқан-лоққы көрсетілгені туралы оның партияластары хабарлады

Фото: Фото: Мәжіліс

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Журналист, белгілі кәсіпкер Бейбіт Әлібеков болған жағдайды қаладағы құрылыс саласында тәртіп орнатумен байланысты болуы мүмкін екенін атап өтті. 

— Жеке өзім бұл жағдай Шымкенттегі құрылыс саласында тәртіп орнатумен байланысты болуы мүмкін деп ойлаймын, букмекерлерге қатысы бар дегенге күмәнім бар. Тек бүгін ғана осы тақырыпта қатаң жиналыс өтті. Маған Русланға қоқан-лоққы жасалғанын айтқан еді, — деп жазды кәсіпкер өзінің Telegram-арнасында.

Ол оқ атқан адамның Русланның қол астында жұмыс істегенін, әкімдікке қарасты ЖШС-нің басшысы болғанын және жуырда жұмыстан босатылғанын жазды.

— Өкпесі мен бауырына зақым келген. Бірақ бәрі жақсы болады, — деп қосты Бейбіт Әлібеков.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кеткенін жазған едік.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті шенеунікке қарай үш рет оқ атқан. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Шымкент полициясы қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.