Бердібек Сапарбаев алматылықтарды Шығыс Қазақстан облысына шақырды
«Алматы - Қазақстанның мәдени және қаржы орталығы. Әрбір өңір үшін Алматыға келген үлкен бір мерей. Аймақтар арасындағы қарым-қатынас олардың дамуына өзінің әсерін тигізеді. Біздің келгенде мақсатымыз - облыстың мүмкіндігін көрсету. Бұрыннан басталған әріптестігімізді ары қарай жалғастыру, соған жаңа жолдар бастау», - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев. Б. Машбекұлының айтуынша, Алматы қаласындағы кәсіпорындар мен кәсіпкерлер үшін өндірістік-аграрлық облыстың ынтымақтастықтағы мүмкіндігі өте зор. Құрылыс, ағаш өңдеу, ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеу сияқты салаларда бірлесіп жұмыс істеуге шығысқазақстандықтар дайын. Мәселен, өңірде еттің 40 пайызы, сүттің, 30 пайызы ғана өңделеді. Сол сияқты құрылыс саласында да мамандар тапшы.