«Бүгінде бизнес үшін көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Бірақ соған қарамастан, Президент бізге шағын бизнесті келесі жылдан бастап 3 жылға салық төлеуден босату туралы бұйрық берді. Қазір Қаржы министрлігі қанша қаржы жоғалтатынымызды есептеп жатыр. Сондай-ақ, бұл салықтардың орнын қалай толтыратынымызды ойластырып жатырмыз. Салықтар - бұл біздің әлеуметтік төлемдеріміз», - деді ол.
Жиында жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 6% жеңілдетілген шарттармен шағын несиелер берілетіні, аз қамтамасыз етілген отбасыларға сыйақы мөлшерлемесін 6% -дан 4% -ға дейін төмендету ұсынылып отырғаны айтылды.
Айта кетерлігі, бұған дейін Б.Сапарбаев азаматтық қоғамды дамытуға арналған тұжырымдама туралы айтқан болатын.